Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 523–532 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 31 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 523,54 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,99 теңге. Еуро — 546,47.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528,5 теңге. Еуро 543 — 550 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 532 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,85-5,10 аралығында саудаланып жатыр.