Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске салайық, 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты болып, 179 адам қаза болды. Ұшақта 181 адам болған. Өрт сөндірушілер бір жолаушы мен экипаж мүшесін ғана құтқара алған.