Алматы қалалық мобильділік басқармасы алдағы мереке күндері мегаполистегі қоғамдық көліктердің қалай қатынайтынын мәлімдеп отыр.
Мәселен, 1 қаңтарда желіге жоспарланған демалыс күнінен жылжымалы құрамның 50% шығады, 2-4 қаңтарда қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейтін болады.
Алматы-2 теміржол вокзалы — «Медеу» «Медеу» биік таулы спорт кешені апаратын № 12 бағыт бойынша, 1-4 қаңтар аралығында желіге 20 автобус шығады. Қоғамдық көлік демалыс күнгі кесте бойынша жұмыс істейтін болады. № 3 түнгі маршрут өзгеріссіз жұмыс істейді, — деп хабарлады әкімдіктен.
Алматы қаласы метрополитенінің жұмысы демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20–дан 00:00–ге дейін 12-15 минуттық қозғалыс аралығымен ұйымдастырылады.