Оңтүстік Кореяда Jeju Air әуе компаниясының тағы бір ұшағы апатты жағдайда әуежайға қайта қонды. Бұл туралы yonhap news агенттігі хабарлап отыр.
Jeju Air әуе компаниясының ұшағы ішкі рейс орындау кезінде шассидегі ақауға байланысты ұшып шыққан әуежайына қайта оралды.
Кимпхо–Чеджу бағыты бойынша рейс орындаған Boeing B737-800 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай шассидегі ақауды анықтады. Осыған байланысты ұшақ ұшып шыққан әуежайына қайта қонды.
Ұшақ бортында 161 жолаушы болған. Әуе компаниясының мәліметінше, рейс басқа ұшақпен орындалады.
Еске салайық, 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты болып, 179 адам қаза болды. Ұшақта 181 адам болған. Өрт сөндірушілер бір жолаушы мен экипаж мүшесін ғана құтқара алған.