Қазақстан азаматтары Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін 800 литр қан тапсырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ақтаудағы донорлық пункттерге 490 адам келді. Астанада – 600, Шымкентте – 125, Ақтөбеде – 109, Жетісуда – 49, Қарағандыда – 40, ШҚО-да – 34 адам қан тапсырды. Өңір тұрғындары да бұл апатқа бей-жай қараған жоқ– делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтау маңында Әзербайжанға тиесілі ұшақ құлап, 38 адам қаза болған. 29 адам ауруханаға түскен.