Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтен Ақтау маңындағы ұшақ апаты үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгіме барысында кестеге сәйкес ұшып келген Әзербайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға талпынғаны атап өтілді. Ол кезде Грозный, Моздок және Владикавказ қалаларына украиналық соғыс дрондары шабуылдап, ресейлік әуе қорғаныс жүйесі шабуылға тойтарыс беріп жатқан еді, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей зымыраны себеп болғаны айтылып жатыр. Бұл туралы Euronews телеарнасы хабарлаған. Телеарна Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзіне сүйенген.
Euronews телеарнасының жазуынша, ұшақ апатына Ресейдің «жер-әуе» санатындағы ракетасы себеп болған. Айта кетейік, Владимир Путин қайғылы оқиғаға Ресейдің әуе кеңістігі себеп болғаны үшін ғана кешірім сұрады.