Халықаралық авиация ұйымы Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге сарапшы жібереді. Бұл туралы ұйым сайтында жазылған.
Тергеушіге авиациялық оқиға туралы барлық ақпараттарды жинап, ұшақтардың қауіпсіздігіне қатысты деректер мен кез келген факторлар туралы хабарлауға тапсырма берілді, – делінген ХААҰ сайтында.
Ұйым апат салдарынан азаматтары қаза тапқан мемлекеттерді тәуелсіз тергеуге қатысуға шақырды.