«Росавиация» Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады. «Росавиация» басшысы Дмитрий Ядров Azerbaijan Airlines ұшағы Грозныйға қонатын кезде қалаға дрондар шабуылдағанын растады.
Ұшақ командирі Грозныйға қонуға екі рет әрекет жасады. Онысы сәтсіз болды. Командирге басқа әуежайлар ұсынылды. Ол Ақтау әуежайына бару туралы шешім қабылдады, – деді Дмитрий Ядров.
«Росавиация» басшысы «Ұшаққа Ресей зымыраны тиген» деген ақпаратқа байланысты ештеңе айтпады. Естеріңізге сала кетейік, Euronews телеарнасы Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей зымыраны себеп болғанын хабарлаған.