Қазақстанның көлік министрлігі Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының оттегі баллоны жарылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Ростов ұшу жетекшісінен сағат 10.53-те түскен хабарлама бойынша, Ақтау мұнарасының ұшу жетекшісіне жолаушылар кабинасында оттегі баллоны жарылғаны және жолаушылардың есінен танып жатқаны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар қону сәтіне жедел жәрдем дайындау сұралды. Осы ақпарат негізінде барлық төтенше қызмет шұғыл түрде хабардар етіліп, дайындық жасалған. Оқиғалардың хронологиясы Ростов ұшу жетекшісінің хабарламаларына сүйене отырып, брифиң барысында жарияланды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады.
Баку-Грозный бағытындағы ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі. Апаттан 38 адам қаза болып, 29 адам аман қалды.
Жолаушылардың толық тізімі жарияланды. Ұшақ бортында Қазақстанның алты азаматы болған. Барлығы қаза болды.
Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мемлекеттік комиссия құрылды.
Әуе апатынан қаза болған отандастарымыздың аты-жөні жарияланды.