Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Бартоғай су қоймасынан 30%, Күрті су қоймасынан 20% су жіберді.
Бұл туралы «Қазсушар» филиалы хабарлап отыр.
Осылай, екі қойма көктемде су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін шамамен 420 миллион текше метр су қабылдай алады. Жиналған тасқын су суару кезінде шаруалардың қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл филиал 50 мың гектардан астам егіс алқабын 544 миллион текше метрден астам сумен үздіксіз қамтамасыз етті.
Су тасқыны кезеңінде дайындық жалғасуда, бүгінде су қоймалары жұмысының кестесі әзірленді. Екі су қоймасы техникалық жай – күйі бойынша көп факторлы тексерістен өтіп, тасқын суын қабылдауға дайын, – деді «Қазсушар» филиалының директоры Бақыт Әбішев.