Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның басым...

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 27 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.

Синоптиктердің болжамынша, ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар, жаяу бұрқасын болжанады.

Антициклон сілемінің ықпалында елдің батыс, оңтүстік өңірлері болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, жел күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.