Басты бетЖаңалықтарҚазақстанға Azerbaijan...

Қазақстанға Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының өкілдері келді

Деректерді ұсыну және азаматтық авиациядағы және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу қағидаларына сәйкес көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрды.

Ведомствоның көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнында. Тергеп-тексерудің қырдағы кезеңі аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ҚР көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстанға Әзербайжан Республикасы азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің делегациясы, сонымен қатар Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келді. Жұмыстар Әзербайжанның авиациялық билігімен бірлесе жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге Қазақстанға Embraer әуе кемесін өндіруші компания өкілдері және CENIPA (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы, Бразилия) ұшып келеді.

Ақтау қаласына премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия құрамында ҚР көлік министрі Марат Қарабаев, көлік вице-министрі Талғат Ластаев, көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Нұржан Ахметов барды.

Еске салайық, Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады.

Баку-Грозный бағытындағы ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 69 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі.

Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.

Жолаушылардың толық тізімі жарияланды. Ұшақ бортында Қазақстанның алты азаматы болған.

Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мемлекеттік комиссия құрылды.

Әуе апатынан қаза болған отандастарымыздың аты-жөні жарияланды.