«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, ҚР аумағының басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады.
Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар жаууы, жаяу бұрқасын болжанады. Республика бойынша тұман, батысында — көктайғақ, шығысында және Алакөл көлдері аймағында жел күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.