Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік кірістер...

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан азаматтарына сақ болуды ескертті

Интернет алаяқтар тұрғындарға салық органдарының атынан хабарласып жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-алаяқтардан сақ болуды ескертті.

Бүгінгі күні интернет-алаяқтар салық төлеушілердің электрон мекенжайларына немесе әлеуметтік желілеріне «банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алу бұзушылықтарын жою туралы ескерту» деген тақырыппен жалған хабарламалар жіберуді жалғастырып жатыр. Мемлекеттік кірістер органдары жасайтын барлық хабарлама нормативтік-құқықтық актілермен бекітілетінін еске саламыз. Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарламалардың нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар комитет азаматтарға барлық хабарлама тек «салық төлеушінің кабинетіне», «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетіне және e-Salyq мобайл қолданбаларына жіберілетінін еске салады.