Басты бетЖаңалықтарТЖМ деректерді...

ТЖМ деректерді жаңартты: құлаған ұшақ бортында 69 адам болған

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңында болған әуе апатына қатысты кейінгі мәліметпен бөлісті.

Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ бортында 69 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі. Оның ішінде Әзербайжанның 42, Қазақстанның алты, Қырғызстанның үш, РФ 16 азаматы болған, — деді ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаменті апат-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бастығы Қайрат Жанаспаев.

Оның айтуынша, қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқару жұмыстарына 701 жеке құрам және 82 техника жұмылдырылды.

28 адам ауруханаға жеткізілді, оның екеуі — бала, — деп толықтырды министрлік өкілі.

Еске салайық, Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады.

Баку-Грозный бағытындағы ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. 

Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.

Жолаушылардың толық тізімі жарияланды. Ұшақ бортында Қазақстанның алты азаматы болған.

Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мемлекеттік комиссия құрылды.