Ақтау қаласының маңында Баку-Грозный бағытындағы ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
ҚР көлік министрлігінің мәліметінше, бортта 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, бортта Әзербайжанның 37, Қазақстанның алты, Қырғызстанның үш, РФ 16 азаматы болған.
Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр.
Еске салайық, Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады.
Баку-Грозный бағытындағы ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.