Ақтауда ұшақ апатынан 25 адам аман қалды. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
Ұшақ бортында 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады министрліктегілер.
Министрліктің ақпараты бойынша, төтенше жағдайлар министрлігі, өртке қарсы мемлекеттік емес ұйымдар, полиция департаментінен 150 адам мен 45 техникасы жұмылдырылды. Жолаушылардың тізімі нақтыланып жатыр.
Еске салайық, Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады.
Баку-Грозный бағытындағы ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған.