Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады.
Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады.
Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 техника барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар, — делінген ТЖМ хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстан көлік министрлігі ұшақ апатына байланысты арнайы тергеу жүргізілетінін хабарлап отыр.
Ақтау қаласы маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан рейсті ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Арнайы тергеу жүргізіледі, — деп жазылған министрліктің хабарламасында.