Басты бетЖаңалықтарДоллар 514–524...

Доллар 514–524 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 514–524 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 25 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 515,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,17 теңге. Еуро — 536,32.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 523 теңге. Еуро 535—545 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 524 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 543 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,09-5,21 аралығында саудаланып жатыр.