Басты бетЭкономикаҚазақстан кинобизнесіндегі...

Қазақстан кинобизнесіндегі табыс қандай?

2016 жылы кинотеатрларға 14,4 миллион қазақстандық барған екен. Оның 11,3 миллионы ересек адамдар (78%), 3,1 миллионы — балалар (22%). Олар үшін барлығы 579,9 мың киносеанс қойылып, киносүйер қауымнан түскен табыс 14,1 млрд теңге болды.

Оның 12,2 млрд теңгесі жеке меншік кинотеатрлардың үлесінде. Бұл табыстың 10,9 млрд теңгесі шетел фильмдерінің прокатынан, 1,2 млрд теңгесі отандық туындылардан түскен.

Кинофильм демонстрацияларына келетін болсақ, өткен жылы елімізде АҚШ фильмдері — 8,8 миллион рет, ресейлік туындылар — 1,5 миллион рет, отандық фильмдер — 1,3 миллион рет көрсетілген.

Статистикаға сүйенсек, киносүйер қауым Астана мен Алматы қалаларында тұрады екен. Олар 2016 жылы кинотеатрларға 3,8 млрд және 3,6 млрд теңге түсірген.

ДереккөзLsm.kz