Алматыда мегаполистің агломерациямен көліктік байланысын арттыру аясында қалалық мобилділік басқармасы 25 желтоқсаннан бастап тағы екі қала маңындағы қоғамдық көлік бағытын іске қосады.
Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мәселен, №256 маршрут «Мәдениет және демалыс саябағы – Ақтас кенті» қатынасымен және №249 маршрут «Төлеби/Яссауи» автостанциясы» — Шамалған кенті» қатынасымен FOTON маркалы сыйымдылығы жоғары автобустармен қызмет көрсетілетін болады. Тасымалдаушы ECOBUS SERVICE ЖШС, жоспарлы шығу-жылжымалы құрамның жеті бірлігі, — делінген хабарламада.
Жол жүру құны қалалық маршруттардағыдай 120 теңген. Барлық автобус Onay электронды билет жүйесімен жабдықталған.
Айта кетейік, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне сәйкес бұл маршруттар тасымалдаушыларға қызмет көрсету конкурстары өткізілгенге дейін берілген және тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Қорытындысы бойынша қозғалыс сызбаларына жолаушылар ағыны мен халықтың қажеттілігін ескере отырып өзгерістер енгізілетін болады.
Еске салайық, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы троллейбус паркі 112 троллейбус сатып алу есебінен 100% жаңартылды. Сонымен қатар әкімдік 600 газ автобусы мен 100 электробус сатып алды. Жыл басынан бері ҚМБ 18 қала маңындағы және үш қалалық маршрут ұйымдастырды.