Басты бетЖаңалықтарРудныйдағы зауытта жұмысшы қаза болды

Рудныйдағы зауытта жұмысшы қаза болды

Рудныйдағы зауытта жұмысшы қаза болды. Зауыттың баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Қайғылы оқиға «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ кенді дайындау және байыту цехында болды.

Жөндеу жұмыстары кезінде ер адам ауыр дене жарақатын алды.

Вагонаударғышты жөндеу кезінде жөндеуші слесарь өте ауыр жарақат алды. «ССТКББ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оларға қажет көмек көрсетіледі. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, – делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ