Филип Морис
Фото: Филип Морис компаниясы
Филип Морис компаниясы темекі өнімдерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге және инновация енгізгуге 12,5 миллиард доллар инвестиция құйған. Бұл туралы компанияның Абу-Даби қаласында өткен Technovation саммитінде айтылды. Компания қыздыратын темекі өнімдерін өндіріп келеді, сөйтіп түтінсіз болашаққа жетуді көздеп отыр.
Іс-шараға барып, Филип Моррис компаниясының халықаралық жаһандық коммуникациялар директоры Мойра Гилкристен сұхбат алдық. Компания өкілі қыздыратын түтіннің артықшылығы туралы және соған қатысты жүргізілген зерттеулер жайлы айтып берді.

Қыздыратын темекі мен кәдімгі сигареттің айырмасы

Темекінің қай түрі болса да, денсаулыққа зиян екені белгілі. Ең дұрыс шешім — темекіні тастау. Дегенмен кейбір адамдарға темекі тастау қиын, сондықтан кәдімгі шылымның орнына зияны азырақ баламасын таңдағаны дұрыс. Филип Морис компаниясы (PMI) бұл мақсатта 10 жылдан бері қыздыратын темекі өндіріп келеді. Мойра Гилкристің айтуынша, оның зияны сигареттен анағұрлым аз.

Қыздыратын темекінің кәдімгі шылымға қарағанда денсаулыққа тигізетін зияны әлдеқайда аз екенін дәлелдейтін зерттеулер жетерлік. Оның әрқайсына тоқталып отырмай-ақ қояйын. Соның ішіндегі ең маңызды ғылыми дәлел мынадай: қыздыратын темекі кәдімгі сигаретке қарағанда зиян заттарды 90%-95% аз бөледі, — дейді Мойра Гилкрист.

PMI клиникалық, токсикологиялық және зертханалық сияқты біршама зерттеу жүргізген. Бұл зерттеулер қыздыратын темекі тұтыну кәдімгі шылым шеккеннен әлдеқайда жақсырақ екенін дәлелдеп берген.

Клиникалық зерттеу қорытындысы

PMI 2024 жылғы қыркүйекте ұзаққа созалыған клиникалық зерттеуін аяқтады. Бұл компания бұған дейін жүргізген зерттеулерден әлдеқайда ұзағырақ еді — екі жыл жүрген. Зерттеу Еуропа мен Азиядағы 37 медицина мекемелерінде өтіп, оған 900-ге жуық адам қатысқан.

Зерттеуден темекі шегетін адам мен қыздыратын темекі тұтынатын адамның денсаулығында айтарлықтай айырмашылық болатыны көрінген.

Ғалымдар зерттеуге қатысқандарды үш топқа бөлген:

  • қазіргі күні де шылым шегетіндер;
  • шылымды екі жылдан астам уақыт бұрын тастағандар;
  • кәдімгі сигареттен қыздыратын темекіге ауысқандар.

Зерттеуге қатысқандардан медициналық мекемеде қан мен зәр үлгілері алынған. Сөйтіп, ықтимал зиянның тоғыз биомаркері (BoPH — кез келген заттың немесе фактордың адам денсаулығына әсері өлшенетін көрсеткіш) деңгейін және басқа да бірқатар қосалқы көрсеткіштерді бағалау үшін функционалдық диагностикалық сынақ жүрген.

Мойра Гилкрист
Мойра Гилкрист. Фото: PMI

Нәтижесінде, ықтимал зиянның тоғыз биомаркері бойынша, кәдімгі сигареттен қыздыратын темекіге көшкен адамдардың нәтижесі шылымнан толық бас тартқандардың нәтижесіне ұқсас болып шықты, — дейді Мойра Гилкрист.

PMI әлем бойынша көптеген зерттеу жасайды. Оның ішінде Қазақстаннан шыққан ғалымдар қатысқан зерттеу де бар. Бұл қыздыратын темекінің зияны төмен екенін және кәдімгі сигареттің ең жақсы баламасы екенін көрсететін тағы бір тәуелсіз зерттеу болмақ.

Біз Қазақстандағы тұтынушыларымызға қыздыратын темекі жөнінде ақпарат бере береміз деп жоспарлап отырмыз. Ғылыми қоғамдастықтарға және ел үкіметіне барлық ғылыми зерттеу мен темекі өнімдерін реттеудің дұрыс тәсілдері туралы хабарлап отырамыз, — деді компания өкілі.

PMI-дың түтінсіз өнімдері әлемнің 92 елінде сатылып жатыр

Қазір 25-тен астам елде компанияның түтінсіз өнімдері табыстың жартысына тең. Әсіресе, түтінсіз болашаққа аса үлкен жылдамдықпен бет бұрып жатқан  Жапония, Швеция, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия сияқты елдер бар.

Бұл мемлекеттер жетістігінің кілті түтінсіз өнімдердің осы елдерде бар екенінде деп ойлаймын. Шылым шегуді азайтатын шектеу шаралары мен зиянды төмендететін шаралардың бірін ғана қолдану керек деп отырғанымыз жоқ. Біздің пікірімізше, екі шараны қатар қолданған дұрыс. Демек, шылым шегуді шектеуді жалғастыра беріп, оның баламасы туралы ақпаратты да көбірек айта түсу керек. Түтінсіз темекі тұтыну кәдімгі шылым шеккеннен анағұрым айырмасы бар екенін хабардар ете берген жөн, — дейді Мойра Гилкрист.

PMI темекі өнімдерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге және инновация енгізгуге 12,5 миллиард доллар инвестиция құйған. Қазір компанияның түтінсіз өнімдері әлемнің 92 елінде сатылып жатыр. 2030-2035 жылдары кейбір елдерде кәдімгі шылым сатылмауы мүмкін деп болжауға болады. PMI өнімдерінің зияны аз екенін дәлелдейтін ғылыми зерттеулерге, түтінсіз өнімдерді зерттеуге инветстиция құя бермек.

Қазір сатылып жатқан өнімдерімізге инновация енгізе береміз. Тұтынушылырамыздан қай өніміміз ұнайтын-ұнамайтынын, өнімдердің қай тұсын жақтырып-жақтырмайтынын сұрап, оған құлақ асамыз. Бұл оларға кәдімгі шылымның жақсырақ баламасына ауысуға көмектеседі, — дейді ол.

Әдетте, кәдімгі темекі шеккенде оның түтіні жанында отырған адамдарға да зиян. Ал қыздыратын темекі тұтынғанда ше? PMI зертханалық зерттеу жасап, қыздырылатын темекі шеккенде сол ғимараттың ішіндегі ауа құрамы тексерілген. Нәтижесінде, қыздыратын темекі шеккенде ауаға зиян заттар түспейтіні анықталған.

Дегенмен темекі шегу дегенге ғылыми тұрғыдан ғана емес, жеке жауапкершілік тұрғысынан да қарар едім. Қыздыратын темекі тұтынатын адам болсам, оны баланың көзінше шекпес едім. Өйткені бұл — ересек адамның таңдауы. Оны кәмелет жасқа толмаған адамға өнеге етудің қажеті жоқ. Біздің өнімдеріміз тек ересек адамдарға арналған, — дейді компания өкілі.

FDA General Snus-ты денсаулыққа зияны азырық деген тұжырымды растады

Жақында АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасы (FDA) швециялық снюстың (General Snus) денсаулыққа зияны азырақ деген тұжырымды растады. Басқарма «Шылымның орнына General Snus тұтыну ауыз қуысының қатерлі ісігі, жүрек ауруы, өкпе қатерлі ісігі, инсульт, эмфизема және созылмалы бронхит қаупін азайтады» деген байламға келген.

Бұл — компания үшін де, темекі шегетін ересек адамдар үшін де маңызды қадам. General Snus FDA-ға тіркелген алғашқы өнім болды. АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының бұл қорытындысы адамдарға бұл өнім зияны көбірек басқа никотин өнімдерінен айырмасы қандай екенін түсіндіруге көмектеседі. Бұл дені сау ұлт түсінігін дамытуға жәрдемдеседі, — деді Мойра Гилкрист.

Бір айта кетерлігі, PMI-дың заманауи құндылықтары мынадай үш тұжырымға негізделген: «Темекі шекпесеңіз, бастамаңыз. Шегіп жүрсеңіз, тастаңыз. Тастай алмасаңыз, өзгеріңіз». Компания шылымды ақыры қойғысы келмейтіндерге зияны аз балама ұсынады.