Талғат Мұратов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Талғат Мұратов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Талғат Мұратов 1972 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сарапшы-бағалау», 2015 жылы Қазақ инновациялық университетін «Құқықтану», ал 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технологиялар» мамандықтары бойынша бітірген.
2016-2018 жылдары Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, 2018 жылдан 2022 жылға дейін Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Бұған дейін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов еді. Семей қаласының бас шыршасын үш мектептен үш мұғалімнен безендіргені белгілі болды. Шыршаны безендіріп жатқан мұғалімдердің бірі Қуат Айтқалиев биіктен құлап кетіп, ауруханға түскен. Осы жағдайдан соң қала әкімі ауысты.