Басты бетPushАлматыдағы метроның 7 станциясында ұялы байланыс орнады

Алматыдағы метроның 7 станциясында ұялы байланыс орнады

Алматыдағы метросының жеті станциясында интернетке қосылуға болатын ұялы байланыс орнады. Бұл туралы метрополитен баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Енді жолаушылар ұялы байланыс пен интернетті «Райымбек», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Әуезов» және «Алатау» станцияларында қолдана алады. Алдағы уақытта бұл қатарға қалған төрт станция қосылады.

Желіге қосылу жұмыстары биылғы қыркүйек айында басталды. Платформаларда ұялы байланыс пен интернет бар, болашақта жолаушылар метро вагондарында да байланыста бола алады. Байланыс сапасына қатысты сұрақтар бойынша жолаушылар ұялы байланыс операторына хабарласа алады, — деп жазылған метрополитеннің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы метросында ер адам рельске құлап, қаза болғанын жазған едік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық