Қарағанды-Астана тас жолында марихуананың ірі партиясын апара жатқан есірткі курьерлері ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаменті хабарлап отыр.
Күдіктілердің көлігі тас жолда тоқтатылған. Көлікте Жамбыл облысының 38 жастағы екі азаматы болған. Олар тоқтаған кезде қатты қобалжып, күдік сездірген.
Қарағанды облысы полицейлері Audi A6 көлігінің салонын және жүк салғышын тексергенде өсімдік тектес заты бар 13 қапшықты анықтағаг. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 266 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты.
Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратурамен келісе отырып, ұсталғандарға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысымен күресу, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастырып жатыр, — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.