Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылағанда Bentley, Mercedes Benz және Porshe көліктерінің жүргізушісі жолда билегені анықтаған. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлап отыр.
Қымбат көлік жүргізетіндер қаладағы 5-ші және 6-шы ықшамаудандар арасындағы жол бойында билеп, жол қозғалысы ережелерін бұзған.
Полиция департаменті мәліметінше, көліктердің иесіне қатысты тиісті хаттамалар толтырылған. Үш көлік те айыппұл алаңына қойылған.
Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.