«Біз қазір қарастырып жатырмыз. Алдағы 2-3 аптада қаладағы барлық тұрғындардың жұмыс уақытының басталу кестесін өзгерту туралы шешім шығарамыз. Таңғы сағат 8 бен 9 аралағында елдің бәрі жұмысқа шықпауы үшін кейбір жұмыстардың басталу уақытын жылжытамыз»,- деді Хорошун.
Сондай-ақ, Астанадағы Мәңгілік Ел, Қонаев, Достық көшелеріндегі жол кептелісін азайту үшін жерасты немесе жерүсті жол айырығын салу жоспарланған.