Басты бетЖаңалықтарҚостанай облысынан...

Қостанай облысынан жасырын есірткі зертханасы табылды

2024 жылғы 15 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның іс-қимылы арқылы синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы жойды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Психотроптық заттарды дайындау кезінде қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясы арқылы қамауға алынды.

Жасырын зертхананы тінтігенде 2 келігі жуық дайын «мефедрон» психотроптық заты және зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді, — делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде жазылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігі бойынша, басқа ақпарат жарияланбайды.