Билы Қазақстанда 1 232 өндірістегі жазатайым оқиға тіркелді. Оның 251-і адам өлімімен аяқталды. Бұл туралы Amanat партиясы фракциясының мүшесі, парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов айтты.
Депутаттың айтуынша, оқиғалардың 24%-і еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан болған.
Бұл жай ғана сандар емес. Бұл – біреудің өмірі. Біреудің отбасы әкесіз, анасыз, ұлсыз қалды. Мұның бәрі кездейсоқ емес, бұл – қауіпсіздік ережелеріне көз жұму салдары. Ең қорқыныштысы не? Еңбек қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзғандардың жартысынан көбі тек ескерту алады. Ал егер бұл бұзушылық адамның өмірін қиып кетсе ше? Сол адамның отбасы алдында кім жауап береді? Мұны өзгерту керек болатын. Біз оны өзгерттік. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгіздік. Қызу талқылаудан кейін олар қабылданды. Енді ескерту болмайды. Тек нақты және әділ жазалар болады, — дейді депутат.
Асхат Аймағамбетов енгізілген өзгерістер туралы айтты.
- Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ескертулер мүлдем алынып тасталды.
- Айыппұлдар көлемі артты:
- алғашқы бұзушылық үшін – 20-дан 120 АЕК-ке дейін;
- қайталанған бұзушылықтар үшін – 40-тан 240 АЕК-ке дейін.