Қостанай облысында тағы 59 адам құтқарылып эвакуацияланды. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.
Оқыс оқиға Денисов ауданында Қарабұтақ-Қостанай автожолында болған. Техникалық жарамсыз автобустың салдарынан 59 адам қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап, Денисовка ауылына жеткізді.
Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ ауа райын бақылап, қолайсыз жағдайларда ұзақ сапарларға шықпауға ескертеді, — делінген хабарламада.