Басты бетЖаңалықтарЕліміздің екі...

Еліміздің екі облысында көлік қозғалысы ашылды

Ұлытау және Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты жабылған республикалық жолдар қайта ашылды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК хабарлап отыр.

2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 08:00–де Қызылорда облысы «Қызылорда-Павлодар» автожолының 12-216 шақырым аралығында учаске (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысы шекарасына дейін), Ұлытау облысы «Қызылорда-Павлодар» автожолының 216-424 шақырым аралығында учаске (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылды, — делінген компания хабарламасында.

Ал ауа райының бұзылуына байланысты 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 07:00–де республикалық маңызы бар «Алма-Тау туристік орталығына кіру» км. 0-15, мектеп (Тұздыбастау ауылы — Бесқайнар ауылы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді.