Басты бетЖаңалықтар20 желтоқсанда...

20 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20 желтоқсанда ауа райына байланысты еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Областың басым бөлігінде көктайғақ болады.

Алматыда күндіз көктайғақ болады.

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады, облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей уақыттарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Атырау облысының шығысында жаяу бұрқасын жүреді.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ болады.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында кей уақыттарда қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын жүреді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады. Бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда қар жауады, бұрқасын болады.

Жетісу облысының таулы аудандарда қар жауады. Түнде облыстың батыс бөлігінде, күндіз таулы аудандарда жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз көктайғақ болады.