Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522—529 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 20 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 524,02 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,09 теңге. Еуро — 545,19.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 527 теңге. Еуро 545,5—550,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 529 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 552 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,03—5,15 аралығында саудаланып жатыр.