Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522–529 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 19 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 522,63 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,07 теңге. Еуро — 548,66.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 515,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526 теңге. Еуро 548,5—553 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 555 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,09 аралығында саудаланып жатыр.