Басты бетАлма-Арасан шатқалына...

Алма-Арасан шатқалына кіру ақылы болады

Ұлттық паркта мәлім етілгендей, ақы №28 автобусы арқылы экобекетті тегін өтетін демалушылардан алынады. Енді автобус жолаушылары машинамен немесе жаяу келген қонақтармен тең дәрежеде 426,9 теңге төлейтін болады.

Бұл сома екі бөліктен тұрады — 226 теңге (0,1 АЕК) ерекше қорғауға алынған табиғи аумақты пайдаланғаны үшінтөленсе, 200 теңге — Ұлттық парктың қызметі үшін алынады. Оның ішіне туристік троп, тамашалау алаңдары,  қоқыс тазалау, әжетхана және т.б. кіреді. Бұның бәрі  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  кодексінің 508-511-баптары мен ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің №328 бұйрығына сай жүзеге асады. Қаржы төленгеннен кейін фискальды чек беріледі.

Бұл соманы толық төлеуден саябақтың аумағында саяжайлары бар немесе сонда тұратын жеке тұлғалар босатылған. Сондай-ақ, студенттерге — 25%, зейнеткерлерге — 50 % жеңілдік бар. Мектеп оқушылары мен мүмкіндігі шектеулі жандар тек кіргені үшін — 226.9 теңге төлейді.

ДереккөзInform.kz