Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы жедел жәрдем автопаркінің 37%-і жаңарды

Алматыдағы жедел жәрдем автопаркінің 37%-і жаңарды

2024 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 25%-ке ұлғайды. Бұл ретте денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударылған.

Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, биыл Алматы қаласының мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекіткен. Соған сәйкес төрт алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы мен бір емхана салынды. Бұдан бөлек, 32 нысанды салуға және жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Биылғы тамыз айында Қазақстанда алғаш рет балалар арасында мүгедектікті төмендету үшін ерте араласу орталығы құрылды. 2024 жылы қалалық Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы да ашылды. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру – әлеуметтік тұрақтылық кепілі. Биылғы маусым айында Қазақстанда алғаш рет «Ұрық хирургиясы» пилот жобасы енгізілді. Енді Алматыда жылына 150-ге дейін жатырішілік ота жасауға болады, – дейді әкім.

Оның айтуынша, биыл 3 753 пациентке 45 нозология бойынша 9,2 млрд теңгеге орфандық препараттар берілген, қаржыландыру былтырмен салыстырғанда 10%-ке өсті.

Екі жыл ішінде жедел медициналық жәрдем автопаркінің 37%-і жаңарды. 2023 жылы 55 машина, 2024 жылы 48 машина сатып алынды. Денсаулық сақтау саласындағы таңдалған курстың дұрыс екенін биылғы 11 айдың қорытындысы растайды, ол бойынша ана өлімі 48,2%-ке, нәресте өлімі 5,4%-ке, қатерлі ісіктерден болатын өлім 16%-ке төмендеген, – деді Ерболат Досаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық