Басты бетЖаңалықтарАлматының сегіз...

Алматының сегіз ауданының бюджеті 2022 жылға қарай 6 есеге өсті

Функцияларды орталықсыздандыруды ескере отырып, Алматы қаласының сегіз ауданының бюджеті 2022 жылға қарай алты есе өсіммен 295 млрд теңге сомасында бекітілді.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиң барысында мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

2023 жылғы сәуір айында өткізілген өкілеттерді орталықсыздандыру аудан әкімдерінің жауапкершілігін күшейтіп, өзекті мәселелері мен проблемаларды жедел шешудегі жұмыс тиімділігін арттырды, — деді қала басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру 2023 жылы жүзеге асырылды. Мәселен, өткен жылдың 1 сәуірінен бастап бірінші кезеңде қалалық деңгейден аудандық деңгейге 15 функция берілді: жолдарды ағымдағы жөндеу, инженерлік желілерді салу және жаңғырту, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, қосымша және мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру және басқалар. Бұл қадам аудан әкімдіктері жұмысының тиімділігін едәуір жақсартты және өкілеттерді беру, жауапкершілікті күшейту арқасында қала тұрғындарының маңызды мәселелері жедел шешіледі.