Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау пункттерінде доллар 522–529 теңгеден саудаланып жатыр

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 522–529 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522–529 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 18 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 524,66 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,09 теңге. Еуро — 550,21.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528 теңге. Еуро 548,5—553 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 529 теңге. Еуро 547 теңгеден сатылып, 555 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05-5,15 аралығында саудаланып жатыр.