Алматы обылысы Кызыл Қайрат ауылындағы жұмыс істемей тұрған зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды.
Алматы облыстық полиция департаменті аталған фактіні растады.
56 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Талғар аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайын объективті анықтау үшін барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, денеде зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ.