Басты бетЖаңалықтарҮкіметтің бес...

Үкіметтің бес жылдық жоспарында 204 негізгі жоба бар

Министрлер кабинеті 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспарға енген негізгі жобалар туралы ақпаратты жариялады. Бұл туралы Қазақстан үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ұлттық жоспарға 204 жобаны еніп отыр. Барлығы төрт негізгі бағытты қамтиды. Олар:

  • Энергетикалық инфрақұрылым (46 жоба) – ЖЭО, ГЭС және энергия шаруашылықтарын қоса алғанда, жылумен және электрмен қамтамасыз ету саласындағы жаңа нысандарды жаңғырту және салу;
  • Көлік инфрақұрылымы (59 жоба) – негізгі көлік дәліздерін дамыту, автожолдарды реконструкциялау және теміржол желісін жаңғырту;
  • Сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы (89 жоба) – сумен қамтамасыз ету, су бұру және сарқынды суларды тазарту нысандарын салу және жаңғырту;
  • Цифрлық инфрақұрылым (10 жоба) – инфрақұрылымды бақылау және басқару үшін цифрлық шешімдерді енгізу.

Энергетика саласындағы жобалар еліміздің барлық өңірін тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе, көлік саласы бойынша іске асырылатын жобалар ішкі және халықаралық логистиканы жақсартып, Қазақстанның көлік торабы ретіндегі экономикалық тартымдылығын арттырады.

«Су инфрақұрылымына арналған жобалар су ресурстары мәселесі өткір тұрған ауылдық және шалғай елді мекендердегі өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған», — дейді үкімет мамандары.

Ал цифрлық инфрақұрылымды іске асырудың нәтижесінде барлық жобаның тиімділігі мен ашықтықты қамтамасыз етіледі.