Басты бетЖаңалықтарАлматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді. Бұл тураля «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлап отыр.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 15 желтоқсанда Астана уақытымен 23 сағат 23 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 44.000 с.е. 76.910 ш.б, – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде орналасқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше:

Қонаев қаласы үш балл,
Алатау қаласы (Жетіген) екі балл.
Құрты ауылы екі балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық