Басты бетЖаңалықтар«Шұбары» қосалқы...

«Шұбары» қосалқы станциясында электр энергиясы қалпына келтірілді

13 желтоқсанда «Шұбары» қосалқы станциясындағы апатты өшіру салдарынан шектелген нысандарды электрмен қамту толығымен қалпына келтірілді. Бұл туралы «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, оқиғаға кабельдік желі қаптамаларының ұрлануынан 10 кВ кабель желісінің зақымдануы себеп болған. Технологиялық бұзушылықтың нәтижесінде 11 тұрғын үй кешені мен екі әкімшілік ғимаратты электрмен жабдықтайтын үш тарату пунктінің жұмысы тоқтатылған.

Зақымдануды жою үшін сегіз жедел-көшпелі бригада жұмылдырылды. Қалпына келтіру жұмысы кезінде бес бірлік көлемінде жалғанған ДГҚ арқылы уақытша электрмен жабдықтау қамтамасыз етілді.

«Астана-АЭК» АҚ тұрғындарға түсіністік танытып, шыдамдылық көрсеткені үшін алғыс білдіреді, — делінген хабарламада.