Басты бетЖаңалықтарШерзат Болаттың...

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу қашан аяқталады?

Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлап отыр.

Ведомство мәліметінше, қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдікті ұсталды.

Қазіргі уақытта сараптама нәтижелерін күтіп отырмыз. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз, — деп атап өтті прокуратурадан.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.

Психолог Гүлзат Қанат жасөспрімді ұрып өлтірген адамдардың паталогиялық агрессиясы бар екенін айтқан еді.

9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Ер адам өз-өзіне қол салған. Аталған жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 

11 желтоқсанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамады.