Бүгінен бастап Алматыда жаңа автобус бағыты ашылды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
№91 бағыттағы автобус «Нұршашқан» шағын ауданы – Алматы-2 теміржол вокзалы» бағыты бойынша 13 желтоқсаннан бастап қатынайды. Бұл бағытты «Алматыэлектротранс» ЖШС Golden Dragon маркалы газбен жүретін автобустарымен қамтамасыз етеді. Күн сайын 12 автобус жолға шығады, қозғалыс аралығы 12 минут.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, маршрут уақытша байқау өткізілгенге дейін тасымалдаушыға берілді және сынақ режимде жұмыс істейді. Жолаушылар легі мен халықтың қажеттігін ескере отырып, қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін.