Басты бет Жаңалықтар Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен кетті

Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен кетті

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматының бас футбол алаңы — Орталық стадион басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылды. Бұл туралы Алматының спорттық нысандары дирекциясы хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатар қардан уақытылы тазаланбаған. Соның кесірінен «Астана» мен «Челси» ойынына келген жанкүйерлерге қолайсыздықтар туындаған.

«Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді. Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды ойындарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында қазақстандық «Астана» Алматыда Англияның «Челси» командасын қабылдады.  «Астана» футбол клубы «Челсиден» жеңіліп қалды. Ойын 1:3 есебімен аяқталды.

Exit mobile version