2024 жылғы 12 желтоқсанда Алматыда УЕФА Конференция лигасы турнирі аясында «Астана» мен «Челси» командалары арасында матч өтеді.
Полицейлер билеттерді сатуда алаяқтық болуы мүмкін екенін ескертеді.
Футбол матчына билеттерді алаяқтардан қауіпсіздік мақсатында тек ресми сауда орындарынан сатып алу керек екенін еске саламыз, — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Сонымен қатар стадионға кірген кезде жанкүйерлер билеттің бар-жоғы мен билеттегі аты-жөні тексеріледі, содан кейін билеттің шынайылығын тексеру үшін жеке тінту және штрих-код сканерлеу жүргізіледі.