Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы «Қарағайлы» шағын ауданында орналасқан тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстарының басталғанын хабарлап отыр.
Ведомство мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында нысан сәулет-жобалау тапсырмасы алынбастан және жоба эскизі келіспестен, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы хабарламасыз және тиісті сараптамасыз салғаны анықталған.
Тапсырыс берушіге қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ғимаратты сүру туралы талап-арыз берілді, — деп хабарлады басқармадан.
2023 жылғы 26 шілдеде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл талапты қанағаттандырған. 2023 жылғы 26 қазанда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. 2024 жылғы 30 қаңтарда атқару парағы Алматының әділет департаментіне жолданып, атқарушылық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта сот орындаушыларының қатысуымен нысанды сүру жұмыстары басталған.