Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде адвокат Асқар Қаймақов жазды.
Оның айтуынша, Қаржаубай Нұрымов «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бабы бойынша айыпталып отыр.
Адвокат полицияның бірнеше мәлімдемесін жоққа шығарды:
Адвокаттар полициядан Нұрымовты ұстауды сұрамаған. Бұған дейін полиция «адвокаттар мен оның туыстары Шерзаттың әкесін қамауға алуды сұрағанын» хабарлаған еді.
Өз-өзіне қол салды делінген Нұрқанат Ғайыпбаевтың жеке хабарламасын жариялауға туыстары келісім бермеген.
Еске салайық, Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалған.