Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алакөл ауданында көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.
«ҚазАвтаЖол» Жетісу облысы бойынша көлік қозғалысын шектеу қою туралы шұғыл ақпарат таратты.
2024 жылғы 11 желтоқсан сағат 23:30-да Жетісу облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады — делінген хабарламада.
Жетісу облысы жол полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне жолда сақ болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.